Өзгенің жылқысын қолды қылған бақташы малдардың өлгені туралы хабарлаған
Қарағанды облысында өзгенің жылқысын қолды қылған бақташы малдардың өлгені туралы хабарлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөліміне 42 және 32 жастағы ауыл тұрғындары хабарласып, бақташының заңсыз әрекетіне шағым түсірген. Ауыл малын бағып жүрген бақташы жәбірленушілерге әр қайсысының құны 400 мың теңге тұратын жылқыларының өліп қалғанын хабарлаған. Алайда өлген жылқылардың өлексесін көрсете алмаған. Осыған байланысты бақташының әрекетінен күдіктенген жәбірленушілер полицияға арызданған.
Тәртіп сақшыларымен 40 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.