Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда аумағында “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 24-30 қаңтар аралығында елорда аумағында “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері халық арасында қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру, тұрмыс жағдайында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ, қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Әсіресе, қорғау нұсқамасы немесе жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына назар аударылады.

ЖАІШ барысында елорда тұрғыны полицияға қоңырау шалып, ұлының жанжал шығарып, оны балағаттап жатқаны туралы хабарлаған. 63 жастағы әйел қорыққанынан полицейлерді шақырған. Осы факті бойынша “Алматы” ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы 36 жастағы жанжалқорды ұстап, уақытша ұстау бөлмесіне қамады. Құқық бұзушыға қатысты отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, тағы бір қала тұрғыны 35 жастағы жұбайының жанжал шығарғаны және оны балағаттағаны туралы полицияға хабарлаған. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін аталған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, Мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Жанжалқор уақытша ұстау камерасына қамауға алынды. Оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, ер адам 30 тәулікке есепке қойылды.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру