БҚО-ның түзеу мекемесінде инспекторлармен кездесу өтті
БҚО-ның түзеу мекемесінде инспекторлармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖК БҚО бойынша РУ-170/3 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыс жөніндегі бөлімнің жоспарына сай теологиялық оңалту жұмысының инспекторлары өз жұмысына кірісті.
– Теологиялық оңалту жұмысына – деструктивтік діни ағымдардан алыстату, экстремизм мен терроризм бабымен сотталғандармен жеке-жеке кездесу, оларға үнемі дәстүрлі дініміз жайында мәліметтер беру жатады. Сотталғандарға дәрістер ұйымдастырып, қазақтың салт-дәстүріне негізделген мағлұматтарды меңгерту, діни сауаттылықты арттыру мақсаты қойылған. Сол себепті дін ұстанушы сотталғандармен кездесу жиі ұйымдастырылады, – деп хабарлады БҚО бойынша ҚАЖД.