Екібастұздық тергеуші мектеп оқушыларына дәріс өткізді
Екібастұздық тергеуші мектеп оқушыларына дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Сұлтан Рыспаев Екібастұз қаласы №7 ЖОМ оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында полицей қылмыстық жауаптылықтың жасы, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның түрлері туралы айтып берді.
Сұлтан Ғалымұлы тергеу тәжірибесінің мысалдарын келтіріп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болуы мүмкін жағдайлар туралы айтты.
Оқушылар полиция жұмысы туралы көптеген сұрақтар қойып, әртүрлі өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету керектігін сұрады. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу туралы, жанжал туындаған жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігі жайында, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылыққа тарту және фишинг туралы айтылды.
Сабақ барысында тергеуші барлық сұрақтарға жауап беріп, алаяқтық түрлері, оның ішінде фишинг туралы, парольдерді, несие карталарының нөмірлерін, банк шоттарын және басқа да құпия ақпаратты ұрлау сияқты алаяқтықтың түрлері туралы айтып берді. Ол таныс емес адамдармен қарым-қатынас туралы, өзін алдауға қалай жол бермеу керектігін түсіндірді.
Сұлтан Рыспаев атап өткендей, балалар өз жасына қарамастан, тыңдап, қорытынды жасай алады, қысқа және нақты сұрақтар қояды. Балаларға оқуда табыс және еліміздің елеулі азаматтары болуды тіледі.