Шымкенттіктен алаяқтық жолмен 1,1 млн теңге алған ер адам анықталды
Шымкент тұрғынынан алаяқтық жолмен 1,1 млн теңге алған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Еңбекші ауданы Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бұрын-соңды таныс емес ер адам кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаржат шығарып беретінін айтып, сендірген. Осылайша 1,1 млн теңге қаражат берген. Бірақ ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай “ізін суытқан”.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен. Полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын анықтады. Нәтижесінде, полицияға осы жайтқа қатысы бар 37 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.