Жамбылдық полицейлер 16 жылқыны қолды еткен күдіктіні ұстады
Жамбылдық полицейлер 16 жылқыны қолды еткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 2 қарашасында Шу аудандық полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 16 бас жылқысының жоғалғаны туралы арызданған. Оның айтуынша, жылқылар өрісте қараусыз жайылып жүрген.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 жастағы Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды.
– Аталған дерек бойынша 188-1-бабымен (Ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы мен сыбайластарының бар-жоғын анықтау мақсатында жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, – деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.