Атырауда жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 15 дерегі тіркелді
Атырауда жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 15 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айында Атырау қаласы Полиция басқармасына жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 15 фактісі тіркелген. Олардың 12-сі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде орын алса, үшеуі жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден өтіп бара жатқан кезде болған.
Мәселен, 31 қаңтар күні сағат 09:30 шамасында С.Бейбарыс даңғылыдағы базардың тұсында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесiнен өтiп келе жатқан 14 жастағы қызды ВАЗ-21154 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қағып кеткен. Жасөспірім жедел жәрдем қызметімен Облыстық ауруханаға жеткізілген.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген 100-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.