Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, ақшасынан айырылды
Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші 2021 жылдың желтоқсан айында қаланың автокөлік салондарының бірінде бейтаныс адам оған автокөлікке арналған қосалқы бөлшектерді сатып алу және тапсырыс беру туралы ұсыныс айтқан. Алдау жолымен сенімге кіріп, алаяқ банктің мобильді қосымшасы арқылы жәбірленушіге тиесілі 215 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген.
Полиция қызметкерлері жалған сатып алушының жеке басын анықтады – ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.