Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші анықталды
Ақтөбеде жаяу жүргінішіні қағып кеткен жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпанда сағат 00.34-те Volkswagen Sharan автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Ақтөбе-Астрахань автожолының 18 шақырымында Ақтөбе қаласы жағынан Бестамақ кенті бағытында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ҚР ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.