Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылықтың әмиянындағы ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті анықталды

Қарағандылықтың әмиянындағы ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу әмиянда тұрған ақшасы мен құжаттарын ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 148 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен ұрлық фактісі жәбірленушінің медицина мекемесіне дәрігерге қаралуға келгенде болғаны анықталды. Ол, дәрігерге кірер алдында әмиянын сырт киімінің қалтасына салып, киім шешетін жерге қалдырған. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күдікті жымысқы ойын жүзеге асырған.

Полиция қызмектерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барсында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру