Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 11 қаруды тәркіледі

Ақтөбелік тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 11 қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.

Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 11 қаруды, оның ішінде 10 тегіс ұңғылы қаруды және бір газды қаруды тәркіледі. Оқ-дәрілерді табу мен тәркілеудің – екі, ұсақ бұзақылықтың 593, қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 647 және ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 831 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру