Маңғыстау облысында сотталғандар мешіт имамымен кездесті
Маңғыстау облысында сотталғандар мешіт имамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде Ар-Рахман мешітінің бас имамы Емел Зиядулла, мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Ербол Сарсенбаевтың қатысуларымен “Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу”, «Өз-өзіне дене жарақытын салудың алдын алу» сияқты тақырыптар бойынша жазасын өтеуші сотталғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Имам Емел Зиядулла адам өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр күнә екенін айтып, мұсылман баласының ондай әрекеттерге баруға болмайтыны жөнінде түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Е.Зиядулла қоныс-колониясында жазасын өтеушілерге тәрбиелік мәні бар маңызды тақырыпта сұхбаттар жүргізді.
Сөз соңында ол барлығына өз отбасыларына аман-есен оралып, жаман ойдан арылуын, болашаққа деген айқын мақсаттар қойып, олардың орындалуларын тіледі.