Қарағанды облысында ақсақалдар алқасы тиімділігін көрсетті
Қарағанды облысында ақсақалдар алқасы тиімділігін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында республикалық «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасының аясында отбасы-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылыққа жол беретін тұлғалармен жұмыс жасау күшейтілді. Аталған іс-шараға үкіметтік емес ұйымның мүшелері және қоғамдық ұйым өкілдері тартылды.
Мәселен, бұл жұмыстарды атқаруда ауылдық жерлерде ақсақалдар алқасының тиімділігі артып отыр. Бүгінгі таңда олар 200 ден астам тұлғамен жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізілген.
Мысалы, ақсақалдар алқасына Жәйрем кентінің тұрғыны хабарласқан. Азаматша алқа ақсақалдарына өзінің жолдасы үй шаруасына мүлдем көмектеспейтінін, жұмысқа құлқы жоқ екенін және ішімдікке бой алдырғанын айтып шағымданған. Ақсақалдар азаматшаның жолдасымен әңгіме жұмыстарын жүргізген. Сонымен қоса учаскелік полиция инспекторы үй иесіне ескерту жасап, ішімдігін қоймаған жағдайда оған қатысты әкімшілік құжаттар жиналатынын айтып, құжаттардың сотқа жіберілетінін, сондай-ақ мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жатқызатынын айтқан. Осындай жұмыстардан кейін азамат алдағы уақытта ішімдігін қоятынын және жұмысқа орналасуға уәде берген.
– Полиция қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп, бұрын отбасында кикілжің болған жанұяларға қатысты 4 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар жүргізді. Осы шаралар барысында отбасында құқық бұзушылыққа жол беруге байланысты 744 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оларға қатысты 525 қорғау нұсқамасы қойылып, 92 тұлғаға ішімдік ішуге тиым салынды. Сондай-ақ, 317 ішімдікке салынған тұлғалар нарко-психолгтан кеңес алды. Шара барысында анықталған 37 қолайсыз отбасыға құқытық және әлеуметтік көмек көрсетіледі, – деді Қарағанды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шакенов.