СҚО бойынша ҚАЖД-нің тәрбие аппаратына 88 діни кітап берілді
СҚО бойынша ҚАЖД-нің тәрбие аппаратына 88 діни кітап берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде СҚО әкімдігінің дін істері басқармасымен және СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, сотталғандарға дін тұрғысынан дәстүрлі канондарды түсіндіруге және облыс мекемелерінде радикалды қағидаттар мен ағымдарға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты негізде өткізіліп тұрады.
Отырыстардың бірінде деструктивті ағымға ұшыраған, жазасын өтеп жатқан сотталғандарды дерадикализациялау бойынша мақсатты топтардың жұмысы үшін діни әдебиеттерді сатып алу туралы мәселе қаралды.
Өзара іс-қимыл жасайтын арнайы органдардың жолға қойылған жұмысының арқасында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие аппаратына исламдық мағынадағы 88 кітап берілді.
Қазіргі уақытта діни әдебиеттің жаңа нұсқалары облыс мекемелерінің кітапханаларына жеткізілді.