Ақмолада оқушының телефонын тартып алған үш жігіт ұсталды
Ақмолада оқушының телефонын тартып алған үш жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 ақпанда Атбасар қаласында кешкі сағат 17.00-де белгісіз адамдар зорлық-зомбылық қолдану қаупімен мектептен оралған жасөспірімнен мобильді құрылғысын тартып алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 15-18 жас аралығындағы үш жасөспірімді анықтады.
– Телефон бірнеше сағат ішінде қайтарылды. Полицейлерге алғыс білдіремін, – деді жәбірленушінің ағасы.