“Қауіпсіз жол” іс-шарасы: Атырау облысында үш күнде 1606 заң бұзушылық анықталды
Атырау облысында үш күнде жол қауіпсіздігіне қатысты 1606 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жұмыс барысында тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігіне қатысты 1606 заң бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде 593-баптың 2-тармағы (Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша – 209, 592-бап (Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша – 201, 615-бап (Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша – 187, 608-бап (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы) бойынша – 10 әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, Атырау облысында 30 қаңтар мен 5 ақпан күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.