Көкшетауда жоғалған 14 жастағы қыз досының үйінен табылды
Көкшетауда жоғалған 14 жастағы қыз досының үйінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 39 жастағы тұрғыннан сол күні сағат 18.00-де оның 14 жастағы кәмелетке толмаған қызы үйден шығып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге Ақмола облысы Полиция департаментінің және аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бағытталды. Іздеу шаралары адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда үйлері мен базарларда, қараусыз қалған құрылыстар аумағында жүргізілді.
7 ақпанда Көкшетау қалалық Полиция басқарма қызметкерлері қыздың жүрген жерін анықтады. Ол өзінің 16 жастағы досына қонаққа кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта қыз туыстарына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.