30 жастағы ақтөбелік жалдамалы үйден тұрмыстық техникаларды қолды еткен
30 жастағы ақтөбелік жалдамалы үйден тұрмыстық техникаларды қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпанда Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы арызданған. Жәбірленуші жас жігітке тұрғын үйді қысқа мерзімге жалға бергенін айтты. Нәтижесінде, жалға алушы үйдегі тұрмыстық техниканы, атап айтқанда, теледидар, тоңазытқыш, микротолқынды пешін ұрлап алып кеткен. Шығын сомасы 250 мың теңгеден асқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.