Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері түлкібастық тұрғынға жаңа төлқұжат рәсімдеп берді

Түркістан облысының полицейлері түлкібастық тұрғынға жаңа төлқұжат рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде облыста ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру, мәртебесі реттелмеген адамдарды, яғни 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен немесе басқалай себептермен құжатсыз жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында іс-шаралар көптеп өтуде. Аталған шараны көші-қон қызметі бөліністері мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе ұйымдастырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осындай шара барысында Түлкібас ауданының полицейлері 32 жастағы осы күнге дейін ешқандай төлқұжатсыз жүрген тұрғынды анықтады. Назгүл Өсербаеваның айтуынша, оның отбасылық жағдайына байланысты төлқұжат алуға мүмкіндігі болмаған. Ал полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде оның жаңа төлқұжатын рәсімдеп берді.

Өз кезегінде тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.

– Мен Назгүл Өсербаева 1990 жылы дүниеге келдім. 16-18 жас аралығында отбасылық жағдайыма байланысты жеке куәлік ала алмадым. Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері тез арада құжаттарымды жинап, ешқандай кедергісіз қолыма алғашқы жеке куәлігімді табыс етті. Түлкібас аудандық көші-қон қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру