Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда екі бірдей жаяу жүргіншіден есірткі тәркіленді

Түркістан облысында бір тәулікте екі бірдей жаяу жүргіншіден есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында тәулік ішінде екі жаяу жүргіншіден есірткі затын тапты. Яғни, күндізгі сағат 15:15 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент көшелерінің бірінде жергілікті тұрғынның жүрісі күдік тудырған. Содан мақтааралдық полицейлер тексеру барысында орта жастағы азаматтың сырт киімінің оң жақ қалтасынан сіріңке қорабына салынған хош иісті есірткіге ұқсас затты анықтаған.

Сонымен қатар, күдікке ілінген келесі бір тұрғын дәл осы күні күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы Атакент көшелерінің бірінен тоқтатылып, тексерілді. Полиция қызметкерлері ер адамды тексеру барысында күртесінің сол жақ қалтасынан сіріңке қорабына жасырылған есірткіге ұқсас затты тапқан.

Жаяу жүргіншілерден айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, күдіктінің бірінен тәркіленген заттың төрт грамға жуық болатын кептірілген “марихуана” екендігі анықталса, келесі күдіктіден алынған заттың жалпы салмағы 4,5 грамнан астам кептірілген “марихуана” екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті ер азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру