Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметі мен Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы меморандумға қол қойды

Маңғыстауда пробация қызметі мен Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған құжат Ақтау қаласы бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік жастар саясатын дамытудың іс-шараларын өткізу, сонымен қатар пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандарға жан-жақты көмек көрсетуге негізделген.

Қоғамдық даму орталығының директоры Д. Сағынтаев пен Ақтау қалалық пробация қызметінің бастығының міндетін атқарушы Н. Турушев өзара түсінушілікке келіп, құжатқа қол қойды.

– Бұл меморандумның арқасында есепте тұрған 140-тан астам жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі, мәдени орындарға барып, жастар арасында түрлі зияткерлік ойындар өтетін болады. Сондай-ақ, әлеуметтік-психологиялық тренингтер де ұйымдастырылатын болады, – дейді Нұрбол Турушев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру