Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 82 жастағы зейнеткерді алдап кеткен алаяқтарды ұстады

Ақмола полицейлері 82 жастағы зейнеткерді алдап кеткен алаяқтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтарда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 82 жастағы жергілікті тұрғын арыз берген. Зейнеткер полицияға белгісіз екі әйелге алданып қалғанын айтты. Шығын сомасы 102 500 теңгені құрады.

Күндіз жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерге бейтаныс әйелдер келгені анықталды. Олар жәбірленушінің ақшасы мен алтын бұйымдарын иемденіп, жалған купюрамен төлеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау жедел қызметкерлері күдікті тұлғаларды анықтады, олар Көкшетау қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 43 және 58 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру