Қарағандыда ішімдік ішкен 28 жастағы әйел көлік ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасады
Қарағандыда ішімдік ішкен 28 жастағы әйел көлік ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 26 жастағы азамат хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі көлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Оқиға орынына Қарағанды қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің кезекші наряды жіберілді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында полиция нарядына сол ауданда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Ол жерді тексеру барысында ұрланған көлік жол жиегінде тұрған көлікпен соқтығысқаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері көлік басқаруында ішімдік ішіп, жол-көлік оқиғасын жасаған 28 жастағы әйелді ұстады. Ол көлікті ұрлап, көліктің басқаруына ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, өз кінәсін ауырлатты. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.