Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің жылқысын сатып, ақшасын иемденіп кеткен шымкенттік ұсталды

Көршісінің жылқысын сатып, ақшасын иемденіп кеткен шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, көршісі жылқысын қымбат бағаға сатып беремін деп сендірген. Содан көршісінің сөзіне әбден сенген тұрғын бір бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда арада уақыт өте әлгі көрші телефон қоңырауларына жауап бермей, не жылқысын қайтармай «ізін суытқан». Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құраған.

Абай АПБ-ның тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынның сеніп тапсырған жылқысын заңсыз иемденген 39 жастағы тұрғынды қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті көршісінің жылқысын базарға 350 мың теңгеге сатқан. Сондай-ақ, оңай жолмен тапқан қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру