Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Профилактикалық бақылау" іс-шарасы: шымкенттік полицейлер 91 адамға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкенттік полицейлер "Профилактикалық бақылау" іс-шарасы негізінде 91 адамға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында "Профилактикалық бақылау" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында рейдтік жұмыстар атқаруда.

Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары № 23 учаскелік полиция пункті аумағында бұрын сотты болған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді. Аталған азаматтарға ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер өткізді.

- Мұндағы мақсат – құқық бұзып, заңға қайшы әрекеттер істеп, қылмыс жасаған азаматтарға заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын ескерту, бұрын сотты болғандармен жұмыс жүргізіліп, күнделікті бақылауға алу болып табылады, - деді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, іс-шараның барысында Әл-Фараби ауданының аумағында ішкі істер органдарының есебінде тұрған 91 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру