Қаңтар оқиғасында қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлерді еске алуға арналған спорттық турнир өтті
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлерді еске алуға арналған спорттық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық спорт колледжінде қызметтік міндеті мен әскери міндетін өтеу барысында қаза тапқан Қазақстан Республикасының құқық қорғау, күштік және басқа да арнайы құрылымдарымен әскери қызметшілерін еске алуға арналған, ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан «Динамо» ФСО КА чемпионаты өтті.
Жарысқа 11-17 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар қатысып, бағдарламаға 50, 60, 200, 400, 600, 1500 м жүгіру және ұзындыққа секіру енгізілді.
– Спорт әлемінде жеңіл атлетиканың спорт патшайымы деп аталуы тегін емес, өйткені онымен айналысу адам ағзасын едәуір нығайтады және басқа спорт түрлерінде жетістікке жетуге көмектеседі. Сонымен қатар, жеңіл атлетика Олимпиада ойындарындағы медалі көп спорт түрі болып табылады. Бүгін барлық қатысушылар – “Жас Динамоның” жас спортшылары, Отанымыздың қоғамдық тәртібін, заңдылығы мен мемлекеттік тұтастығын қорғаған полиция қызметкерлері мен басқа да құқық қорғау органдарының, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық батырларын еске алып, оларға үлкен құрмет көрсетті, – деді “Динамо” ФСО төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов.