Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда алаяқ мүгедек адамның атына екі тауарлық несие рәсімдеген

Қарағандыда алаяқ мүгедек адамның атына екі тауарлық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы І-топтағы мүгедек санатында есепте тұрған қала тұрғынынан арыз түсті.

Жәбірленушіге бірнеше күн бұрын үйіне қажетті заттарын әкеліп беретін бір көмекші пайда болған. Кейін жаңадан танысқан азамат одан шұғыл қоңырау жасау үшін ұялы телефонын сұрап алған.
Осы сәтте қаскөй жәбірленушінің ұялы телефонындағы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы 340 мың теңгеге екі тауарды несиеге рәсімдеп жібергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

3 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру