Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есептегі сотталғандар қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысуда

СҚО-да есептегі сотталғандар қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәжбүрлеу жұмыстары сот үкімі бойынша не төтенше немесе соғыс жағдайларында тағайындалады, олар мемлекеттік органдардын қадағалауымен және бақылауымен жүзеге асырылады. Мәжбүрлі еңбекті орындайтын адамдар жеке және заңды тұлғалардың қарамағына берілмейді. Мәжбүрлі еңбек қоғам игілігі үшін орындалады, сондай-ақ сотталғандар үшін түзету құралы болып саналады. Оны мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастыруға болмайды. Мәжбүрлеу жұмыстары ҚР Еңбек кодексіне және адамның еңбек құқықтарына арналған халықаралық құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар мәжбүрлеу жұмыстарын пробация қызметінің бақылауымен жыл сайын 100 сағат, бірақ күніне төрт сағаттан аспайтын мерзімге «Петропавл қаласының Коммунхоз» ЖШС және «Жилищная служба» ЖШС орындайды.

Қазіргі уакытта мәжбүрлеу жұмыстарға тартылғандар қоғамдық пайдалы жұмыстармен, Петропавл қаласының көшелерін қардан жинаумен, тротуарларға құм себумен, көлде мұз қалашығын салу үшін «мұз блоктарын» дайындаумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру