Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ҚАЖД Ақжар аудандық ПҚБ есебінде 26 бас бостандығынан айрылмаған сотталған тұр. Ақжар аудандық ПБ УПИ бірлесіп әрбір сотталғанмен құқық бұзушылыққа жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті бұзбауға, қайталап қылмыс жасамау мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, сотталғандардың туыстарымен әнгімелесулер жүргізілді, олар сотталғанға қайта қылмыс жасауға жол бермеуде әсер етуі мүмкін. Қоғамға оң көз қарас қалыптастыру мақсатында пробация қызметкерлері Ақжар ауданының ПБ УПИ бірлесе, Ақжар аудандық ПҚБ есебінде тұрған сотталған Виталийдің үйіне барды.
Виталий 2020 жылдың 29 желтоқсанында ҚР ҚК 188-бабы 2, 3-бөлімдері бойынша 3,6 жылға бас бостандығынан шектелген болатын. Керісінше, ауыл тұрғындары ол жайлы жақсы пікір айтуда. Ақжар ауданының ПҚБ қызметкерлері сотталғанмен профилактикалық әңгіме жүргізді.