Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың ювеналды полициясында 91 қолайсыз отбасы есепте тұр

Петропавлдың ювеналды полициясында 91 қолайсыз отбасы есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық жанжалдар, ұрыс-керіс және алкогольді асыра пайдаланатын ата-аналардың мінез-құлқы – мұның бәрі балаға әсер етеді. Қаңтар айының соңында Петропавлдағы Жұмысшылар кентінде ата-анасының арасындағы жанжал 13 жасар баланың көзінше орын алған. Бірге тұратын 37 жастағы ер адам мен жасөспірімнің 44 жастағы анасы алкогольді жиі пайдалануды әдетке айналдырған. Кезекті жанжал кезінде әйел ер адамды соққыға жыққан. Бұл туралы полицейлерге “102” арнасының хабарламасынан белгілі болды. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, оның ата-анасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша материал жиналды. Үйдегі мұндай “ауа райы” полицейлердің отбасын ерекше бақылауға алуына негіз болды. Қазіргі уақытта Петропавл қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке қоюға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберу үшін материал жиналуда.

– Ата-аналардың маскүнемдігі – бұл отбасын ғана емес, сондай-ақ, баланың жан тыныштығын бұзатын ең күшті қолайсыз факторлардың бірі. Кәмелетке толмағандар арасындағы, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полиция инспекторларының басты міндеті, – дейді Петропавл қалалық ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Петропавлда ювеналды полиция есебінде 91 қолайсыз отбасы тұр, жыл басынан бері 8 отбасы бақылауға алынды. Кәмелетке толмаған 35 жасөспірім есепте тұр. Барлығы 38 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 кәмелетке толмаған бала спирттік ішімдіктер ішсе, 17-сі үйден тыс уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерсіз болған. Кәмелетке толмағандар тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полицейлердің күнделікті жұмысы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру