Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер 21 жасқа толмаған тұрғынға ішімдік сатқан дүкен иесін анықтады

Шымкенттік полицейлер 21 жасқа толмаған тұрғынға ішімдік сатқан дүкен иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтардан бастап қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында 11 ақпан күні Әл-Фараби АПБ учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы дүкендерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Дүкендердің бірінен 21 жасқа толмаған азаматқа алкогольді ішімдікті сатқан жайт анықталды.

Қазіргі таңда дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру