Сарыағашта отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды
Сарыағашта отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды, – Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға сағат 10:30 шамасында Құркелес ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша, 17 жастағы баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ, анасының өз баласын іздеп жүргеніне екі тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң полицейлердің көмегіне жүгінген.
Сарыағаш АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған.
Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды.
– Баламның іс-түcсіз жоғалып кеткеніне екі күн болды. Ары іздеп, бері іздеп таппаған соң полицейлерге хабарластым. Полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын, – деп алғысын білдірді ұлымен қауышқан ана.