Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қоңырау шаламын”: ШҚО-да телефон ұрлаған алаяқ екі жылға дейін сотталуы мүмкін

Өскеменде телефон ұрлаған алаяқ екі жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Өскемен қаласында орын алды. Солжағалау ПБ-ге облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгінді. Барлық жағдайды анықтаған полицейлер жәбірленушіге көшеде өтіп бара жатқан таныс емес жігіт жақындап, ұялы телефонын қоңырау шалу үшін бере тұруды өтініп, қолына тиген қымбат смартфонмен “ізін суытқан”.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы азамат ұсталды. Полиция бөліміне жеткізілген қаскөй кінәсін толықтай мойындаған. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру