Ақмола полицейлері 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады
Ақмола полицейлері 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпанда сағат 00:00 шамасында Красный Яр көшелерін патрульдеу кезінде Тұлпар 13 автопатруль экипажы А. Мұқанов пен А. Накенов Зеренді ауданының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас күйінде болған.
Құжаттарды тексеру кезінде бұл азаматтың 2021 жылы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші Көкшетау қалалық ПБ УҰИ қамалды.