«Құқықтық тәртіп»: түркістандық тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіленді
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Volkswagen Passat көлігін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында артқы жүк салғышынан бір 16-калибрлі шолақ мылтықты тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеуге алды.
Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған қаруға қатысты сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер адам аталмыш мылтықты егістік алқаптан тауып алғанын айтуда.