Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев тұрғыны танысының атынан 1,2 млн теңге несие рәсімдеген

Сәтбаев тұрғыны танысының атынан 1,2 млн теңге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы бойжеткеннің айтуынша, оның атына белгісіз біреу 1 млн 260 мың теңге несие рәсімдеген.

Істі мұқият қарау барысында жәбірленуші біраз уақытқа ұялы телефонын танысына бергені белгілі болды. Полицейлер 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол несиеге екі қымбат ұялы телефон сатып алғанын айтып, кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру