Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылған тұрғынға көмектесті
Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылған тұрғынға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек АПБ-ның учаскелік инспекторлары Оралбай Канадилов пен Ержан Оспанов өз аумақтарын түнгі уақытта қарап жүрген кезінде көлігі бұзылып тұрған жүргізушіге көмек қолын созды.
Яғни, полицейлер түнгі сағат 21:00 шамасында Созақ – Шаян облыстық тас жолында Шаян ауылына кіреберіс жолда тоқтап тұрған Opel Vectra көлігін байқап, қасына барады.
Содан жүргізуші көлігі бұзылып тұрғанын айтқан. Мұны естіген полицейлер бірден жәрдем беруге кірісіп, көлікті қарап шыққан. Болмаған соң өздерінің қызметтік көліктерімен тұрғынның көлігін сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізді.
Өз кезегінде жергілікті тұрғын Ж.Рысқұлбеков полицейлерге алғысын білдірді.
– Шымкенттен келе жатқан бетім еді. Аяқ-асты көлігім жүрмей қалды. Енді не істеймін деп тұрғанымда, өтіп бара жатқан полицейлер тоқтап, менің жағдайымды сұрап, барынша жанашырлық танытты. Және барар жеріме көліктерімен сүйреп жеткізді. Үлкен рақмет! Алла разы болсын сіздерге, – деп ризашылығын жеткізді.