Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 41 ассенизатор көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды

Қызылордада 41 ассенизатор көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды ластайтын және кері әсерін тигізетін 41 ассенизатор көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырды.

Оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) 13 көлік иелеріне хаттама және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 2-бөлігімен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру)  бес автокөлік иесіне айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру