Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Атырау тұрғынына ҚР азаматтығын алуға көмектесті

Полицейлер Атырау тұрғынына ҚР азаматтығын алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Исатай аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі орталығына келіп, өзіне қажетті құжаттарды заңға сәйкес тез әрі оңай алған тұрғын ризашылығын білдірді.

– Барлық қажетті мамандар бір жерде шоғырланған Исатай аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне және көрсеткен қызметіне ризамын. ҚР азаматтығын алып қуанып жатырмын. Көші-қон қызметкерлеріне алғысым шексіз. Тез арада ары-бері сандалтпай, құжатымды жасап берді. ҚР-ның азаматы деген төлқұжатыма қайта–қайта қарап, қуанып отырмын, – деді тұрғын.

Тұрғындармен ашық қарым-қатынас орнатып, алғыс алған Исатай аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері Нұрбол Серіковтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру