Қарағандыда жалған валюта айырбастаған алаяқ ұсталды
Қарағандыда жалған валюта айырбастаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші әйел теңгені шетел валютасына айырбастауды жоспарлағанын айтты. Ақша айырбастау пунктіне барған кезде, ол жерде 100 АҚШ доллары ұстаған бір қызды кездестірген. Бейтаныс бойжеткен валюта алмасуды ұсынып, оған 49 800 теңге береді. Көп ұзамай валютаның жалған екені белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 ақпанда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 17 жастағы қызды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.