Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасады деген күдікпен тергеу изоляторларына 887 адам қамалды

Тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасады деген күдікпен тергеу изоляторларына 887 адам қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ қызметкерлерінің ерекше қызмет режимі мен профилактикалық іс-шаралары кезеңінде 2-18 қаңтар аралығында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 6 680 әкімшілік құқық бұзушылық, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 5 527, ұсақ бұзақылық үшін 3 118, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 090, атыс қаруын заңсыз сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны және басқа да бұзушылықтар үшін 74 бұзушылық тіркелді.

Қылмыс жасады деген күдікпен 887 адам тергеу изоляторларына қамалды, 789 адамға аса ауыр және ауыр қылмыстар жасағаны үшін сот қамауға алуға санкция берді. Олардың 205-і бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде іздеуде жүрген сегіз адам да бар.

Олардың кінәсі алынған заттай дәлелдемелермен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен, куәлардың айғақтарымен және басқалармен дәлелденеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру