Ақмола полицейлері аккумулятор ұрлығын ашты
Ақмола полицейлері аккумулятор ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын жасалған қылмыстарды ашу – криминалдық полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бөлігі. Бұл санатқа олар жасалғаннан кейін бірден ашыла алмаған фактілер кіреді. Осындай қылмыстардың бірін көкшетаулық жедел уәкілдер ашты.
7 ақпанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгінді.
Жәбірленуші 6-7 ақпан аралығында белгісіз тұлға оның Toyota Land Cruiser автокөлігінен Қайнар аккумуляторын ұрлап кеткені жөнінде хабарлады. Келтірілген шығын сомасы 50 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – бұрын сотталған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам ұрланған мүлікті металл қабылдау орнына тапсыруға тырысқан. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.