Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД қоғамдық бірлестікпен және қалалық сотпен меморандумға қол қойды

БҚО бойынша ҚАЖД қоғамдық бірлестікпен және қалалық сотпен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 ақпанда Орал қалалық сотында уәкілетті өкіл Мира Пруденцано, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов және Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов тұлғасында Орал қаласының “Халықаралық медиация орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.

Осы меморандум Тараптар арасындағы ынтымақтастық шеңберін белгілейді және олардың шеңберінде тараптар өздерінің ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін ынтымақтасатын шарттарды айқындайды.

Тараптар медиацияны және жанжалдарды шешудің басқа да балама тәсілдерін дамыту мақсатында ортақ мақсаттарға қол жеткізу және ортақ бастамаларды жүзеге асыру үшін өзара мүдделілік туғызатын мәселелер бойынша бір-бірімен тығыз ынтымақтасады және консультация жүргізеді деп келіседі.

Сондай-ақ, азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша медиацияны қолдану мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы келісімге қол жеткізілді.

Меморандумға қатысушылар Батыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын адамдарға медиативтік келісім жасасу тәртібімен мерзімінен бұрын босатуды ресімдеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, сотталғандар медиаторлар қызметін ұсыну туралы жазбаша қарым-қатынас жасауға құқылы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру