Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда депутаттар полиция бекеттерінің жұмысын бағалады

Павлодарда депутаттар полиция бекеттерінің жұмысын бағалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Нұрханова және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының КҚК төрағасы Виктор Пряхин Павлодар қаласындағы Камзин көшесінде орналасқан №23 модульді учаскелік полиция пунктіне барды.

Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров жасалған қылмыстар мен қаланың криминогендік жағдайына талдау жасауды ескере отырып, Павлодар қаласында орнатылған осы бекеттердің жабдықталуына егжей-тегжейлі тоқталды.

– Полиция бекеті барлық коммуникацияларға қосылған, радиостанциямен, жұмыс істеу үшін қолда бар барлық деректер базасын қосатын компьютерлік техникамен жабдықталған. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай бейнебақылауды енгізу туралы тапсырмасын орындау үшін периметрі бойынша және полиция пункттерінің ішінде ЖБО-ға шығарылған бейнекамералар орнатылды, сондай-ақ камераларға қашықтан қол жетімділік бар, бұл заңдылықты бұзуды болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, – деді Жасқайрат Қайыров.

Айгүл Нұркина учаскелік полиция инспекторларымен әңгімелесіп, қызмет және жұмыс жағдайлары туралы сұрастырды.

Сонымен қатар, Айгүл Нұркина шағын аудан тұрғындарымен кездесті, олар модульдік полиция бекеттерін орнату туралы оң пікір білдірді, өйткені бұрынғы учаскелік пункттер көп қабатты үйлердің кіреберістерінде орналасқан және түсініксіз болған. Кіру  жалпы кіреберіс арқылы жүзеге асырылды, бұл үй тұрғындарының қолайсыздығын тудырды. Қазіргі уақытта полицияның әрбір модульдік пункті әкімшілік учаскенің ауласының ортасында, барлық ғимараттардан бөлек орналасқан, бейнебақылау камераларымен жабдықталған және адамдар оны алыстан көре алатындай жарықтандырылған.

Полиция «қадамдық қолжетімділік» қағидатын және полиция қызметкерлерінің тұрақты болуының әсерін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында әкімшілік учаскелердің орталығында орнатылған 15 ұқсас модульдік полиция пункті орнатылды және жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру