Теміртауда өзін кәсіпкермін деп таныстырған алаяқ құрылғыны иемденіп алған
Теміртауда өзін кәсіпкермін деп таныстырған алаяқ құрылғыны иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 16 желтоқсанында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 23 және 28 жастағы екі ер адамнан арыз түскен. Олар белгілі бір адамның алаяқтық әрекетінің құрбаны болып шықты. Соңғысы өзін кәсіпкер ретінде көрсетіп, құрал-жабдықтарды жалға алған, содан кейін ол байланысын тоқтатқан. Келтірілген шығын көлемі бірінші жағдайда 318 мың теңгені, екіншісінде 312 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Қарағанды қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.