Нұр-Сұлтанда тағы бір сотталған жұмысқа орналастырылды
Нұр-Сұлтанда тағы бір сотталған жұмысқа орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметінің инспекторлары учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп А. есімді сотталғанды тұрғын үй кешеніне аула сыпырушы ретінде жұмысқа орналастырды.
Сотталғанды жұмысқа орналастыру – оның түзелу жолына түсуіне ықпал етеді. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жүзеге асыру мақсатында осындай жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Осыған орай, сотталған А. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметімен көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмек үшін алғысын білдірді.