Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған 4 жүргізуші анықталды

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған төрт жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық жұмыстарды өткізіп келеді. Осындай кезекті жұмыс аптасында полицейлер ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген төрт бірдей жүргізушіні дер кезінде тоқтатып, болуы мүмкін жол апаттарына тосқауыл қойды.

Мәселен, Төлеби АПБ ЖПҚ ППТ-ның қызмет инспекторы Мадияр Сеңгірбаев аудан көшелерінің бірінде Lada-210740 көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай бара жатқанын көріп, тоқтауын сұрайды. Алайда жас жүргізуші полицейдің белгісіне қарамаған. Ал полицей болса соңынан жетіп, құжаттарын тексерді. Осы сәтте жүргізушінің мас болуы мүмкін екенінен күдіктеніп, медициналық куәландырудан өткізеді. Зерттеудің нәтижесінде, жас жігіттің «жеңіл дәрежелі» мас халде екендігі анықталады.

Осыған орай, аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мас халде темір тұлпар тізгіндеудің үш жайты орын алған. Оның біреуінде Ваз-2121 жүк көлігі, одан бөлек Daewoo Nexia екі көлігінің жүргізушісі де масаң күйде көлік басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Мас халде автокөлік басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру