Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таспен ұрған: Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы келіспеушілік адам өлімімен аяқталды

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы келіспеушілік адам өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпан сағат 23.05-те Түркістан қалалық Полиция басқармасының 102 пультіне жедел жәрдем фельдшерінен жанармай бекетінің қарама-қарсы жағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Түркістан қаласынан Кентау қаласына бара жатқан бағытта, яғни Қызылорда тас жолында жүргізушілер арасында келіспеушілік орын алған. Нәтижесінде, жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрған, салдарынан соңғысы оқиға орнында қайтыс болды.

Күдіктімен бірге көлікте жедел жәрдем шақырған әкесі болған. Келгеннен кейін дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтап, полицияға хабар берген.

Күдікті жас жігіт – Түркістан қаласының тұрғыны, ол бұрын Алматы облысында тонау үшін шартты түрде жазасын өтеген. Оны полиция қызметкерлері қылмыс орнында ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру