Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін әперемін”: шымкенттіктен алаяқтық жолмен ақша алған күдікті құрықталды

Шымкенттіктен алаяқтық жолмен ақша алған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы ХҚКО-нан жүргізуші куәлігін аз мерзімде әперемін деп сендірген. Алайда арада уақыт өте не жүргізушісі куәлігін, не ақшасын қайтармай “ізін суытқан”. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Аталған жайт бойынша тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, ақшасын иемденген күдіктіні қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған тұрғын арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-190 бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру