Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық қайта мас күйінде рөлге отырған

Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық қайта мас күйінде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019 жылы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

20 ақпан күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен қала көшелерінің бірінде жеңіл көлік тоқтатылды. 27 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік басқарған. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру